Google аккаунт ашу. Gmail электронды поштасын тіркеу – Заманауи ұстаз
(Видео-тест)
Ең алғашқы сабақта Google қызметтерін пайдалануды, бірінші кезекте gmail поштасын тіркеуді үйренеміз. Gmail поштасы арқылы көптеген қажетті сайттарға тез тіркелуге болады және ол арқылы ұмытылған құпиясөздерді қалпына келтіру мүмкіндіктері бар. Тек бір Google аккаунт арқылы YouTube, виртуалды кеңістік Google Drive, Google Photo, Google Meet қызметтеріне қол жеткізесіз.